Қазақстан да белсенді туризм түрлерінің аймақ бойынша таралуы.
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған.
Соңғы жылдары туристік бағыт ретінде Қазақстанға деген қызығушылық салыстырмалы түрде жоғарылап келеді, және соған орай жыл сайын жергілікті туроператорлардың саяхатшылырдың көп санын елге тарту барысында туристік қызмет спектрі үлкеюде. Қазақстанға келуші туристердің көбі Германия, Англия, Жапония, Корея, Қытай елдерінен. Немістер мен ағылшындар Қазақстанның туристік маршруттарын біліп алған. Олардың істерін қайталайтын уақыт келді!
2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi.
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан
|
||||
Орталық Қазақстан республиканың шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Орталық Қазақстанда еліміздің астанасы орналасуына байланысты қазіргі кезде туристерді көп қабылдауда, олардың негізгі мақсаттары іскерлік, танымдық, ғылыми туризм түрлеріне бағытталған. Батыс Қазақстан |
||||
Батыс Қазақстан
|
||||
Батыс Қазақстанның Еуропа және Азия континенттерінің арасында орналасуы, Каспийдің, Волга және Оралдың су бассейндері алабында жатуы ештеңеге тең келмейді. . 2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Мұнда дүние жүзіндегі тереңдігі бойынша екінші орындағы 132 м тереңд. ойыс – Қарақия орналасқан.Аң аулау, балық аулауды ұнататындар үшін және су туризмін дамыту үшін бай мүмкіншілікткрге бар. Батыстың Маңғышлақ, Үстірт және қазақ эпосымен байланысқан жерлері үлкен тарихи қызығушылықты тудырады. Бұл аймақтағы негізгі демалыс орындарының бірі Актау. Мұнда сіз биік жартастар, бұлақ суы бар әдемі каньендарды, сонымен бірге тас шеберлерімен жасалған жерасты мешіттерді көре аласыз . Каспий теңізінің жағалауында жағажайлар аз емес. Жартас түбіндегі теңіз, құмды жағалау, тасты су түбі… Экстрим сүюшілер үшін керемет таңдау жартаспен шығу және қайық желкенімен арпалысу.
Оңтүстік Қазақстан.
Оңтүстік Қазақстан
|
Қазақстан спорттық туризм түрімен және альпинизммен, тау шаңғысы спортымен (Солтүстік және Батыс Тянь Шань, Жоңғар Алатауы, Кенді Алтай)айналысу үшін барлық табиғи жағдайлар бар. Алматыдан 25 км жердегі Іле Алатауы шатқалында 2200 метр биіктікте тау шаңғысы курорты «Шымбұлақ» орналасқан. Бұл жер күнді күндері басымдық көрсететін өзінің жұмсақ климатымен тартымды, қалың қарлы қабаты қараша айынан мамыр айына дейін сақталады, сонымен бірге таудың биік шыңдары мен жоталарына керемет көріністерге ие.Алматы қаласынан 160 километр қашықтықта «Тамгалы» шатқалы жайғасқан. Бұл жерде мыңдаған белгісіз жартасқа салынған суреттер табылған, бұл шатқал ежелгі өнердің нағыз көрмесі болып табылады. Одан басқа бұл аймақ демалыс, емделу, аңға шығу, альпинизммен, тау шаңғысымен шұғылдану және коньки тебу сияқты белсенді туристік әрекеттер үшін ерекше климаттық мүмкіншіліктерге ие. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық , және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлінеді. Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз.
Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан
|
Егер сіз автомобиль, велосипед, су туризмін ұнатушы болсаңыз онда сіз Солтүстік Қазақстанның ландшафты мен климаттық жағдайын толығымен бағалай аласыз. «Кокшетау» ұлттық паркі көптеген курортты аймақтарды қамтиды, және көп жылдар бойы демалыс үшін керемет жер екенін көрсетіп келеді.Сонымен бірге «Бурабай» да осы жердегі ерекше табиғи көріністерді ұсына алады. Жыл сайын мұнда туристер белсенді демалыс, балық аулау, экотуризм, аңшылық, тау жорықтары және танымдық туризм мақсаттарымен сапарлар шегеді.
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
|
Ал Шығыс Қазақстан ол- Алтай және оның тау алды орманды алқаптары, Ертіс өзені, Зайсан көлі, Марқакөл, Алакөл, Саусқан. Егер экстремалды және экологиялық туризм түрлері жайлы айтатын болсақ, онда олар үшін мүмкіншіліктер жеткіліктіден де асып түседі. . Қазақстанның Алматы және Шығыс аудандары альпинизм, жартасқа өрмелеу, тау шаңғысы спорты мен шанада сырғанау үшін барлық мүмкіндіктерді береді. Шығыс Қазақстанның тауларында орналасқан көптеген турбазалар программалары да белсенді туризм түрлеріне негізделген, Қыста бұл жерге таза қардың ортасында қыдырыстап, шаңғы теуіп, атпен тауды аралауды ұнататын адамдар келе алады. Қарда жүретін снегоходтардың өзі сізді үлкен сезімге бөлеп, таң қалдырады. Шаңғыда сырғанау мерзімі қазан айының соңынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Тау шаңғысы кешені де әртүрлә қызмет түрлерін көрсете алады. Ал суда демалғанды ұнататындар үшін, скутерде зымырап, су шаңғыларын тебуге мүмкіншілік бар.
Қазақстандағы альпинизм.
Қазақстанның тау туризмі.Қазақстандағы
Солтүстік Тянь-Шань
Қазіргі уақытта альпинизм – әлемдегі экстремалды спорт түрінің ішіндегі ең танымалдарының бірі. Қазақстан Республикасы альпинизм үшін ерекше ресурстарға ие, әсіресе солтүстік Тянь-Шань таулары. Олар Алматы облысында орналасқан, немесе басқаша айтқанда Жетісу. Жетысу – Қазақстан маржаны. Ол әдемі әрі ерекше жер.Ертеде бұл жерде көптеген тайпалар мен ұлттардың таңғажайып тағдырлары, маршруттары және тарихтары қиылысқан. Іле Алатауы, Тянь-Шань тауының ең солтүстік сілемі. Оңтүстікке қарай жартыдөңгелек құрай отырып жайғасқан. Орталық бөлігі 170 км ұзындығынан, және 33-50 км шамасында енінен созыла орналасқан.Оның енінен батыста Кумбель асуы және шығысында Аманжол асуларының арасында жайғасып жатыр.Биіктігі — 4973 м теңіз деңгейінен биік. Іле Алатауында альпенистер арасындағы атақтысы болып: Кіші Алматы шатқалы мен Богданович мұздықтары аймақтары саналады. Бұл мұздық Талғардың сол сілемі бассейніне жатады, бірақ оған жету үшін ең тиімді жол ол Кіші Алматы шатқалы.Альпинистер арасында ең атақты шатқалдар қатарына Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы, Қаскелең, Шамалған жатқызылады, себебі бұл жерлерде әлі адам аяғы баспаған шыңдар бар. Кіші Алматының батыс жағы – Кумбель асуы — Погребетский (4231 м) қар мұздығынан басталады, Локомотив (4182 м) шыңынан солтүстікке қарай Космодемьянской (4108 м) деп аталатын шоқыға қарай, одан кейін Молодежный (4147 м) деп аталатын шоқыға солтүстік батысқа бұрылады. Молодежный шоқысынан кейін Кумбель асуы төмендей, ери бастайды да орманды жоталарға ауысады. Сонымен бірге Улкен Алматы бассейніне жататан Советы жотасын атап өту керек.Ол Локомотив шоқысынан Үлкен Алматы көліне қарай бағытталған. Солтүстік жотасында екі шоқы бар — Горельник (4000 м) және Советы (4317 м), аттас мұздықтарымен. Тұйық су асуынан солтүстікке қарай (4100 м) қатты бұзылған инедей үшкір 7 шыңы бар(Тұйық су инелері(4213 м).
) Тұйық су шоқысы орналасқан (4218 м).
Екібасты Партизан (4390 м) шоқысының артында 4410 м биіктіктегі Орджоникидзе шоқысы орналасқан. Асудың солтүстігінде орналасқан шоқылар жартасты болып келеді.Ол — тігінен 400-метрлік қабырғасы бар Маяковский (4208 м) шоқысы. Оның жоғарғы бөлігі мраморлық жыныстан жасалса, төменгі бөлігі қызыл граниттен тұрады. Тағы бір бұзылған шоқы бар, ол – Ұлы Отан Соғысы (4050 м) шоқысы және оның артында орналасқан Антикаинен (4000 м) шоқысы. Мәншүк Маметова асуының солтүстігінде (3750 м) Герои-панфиловшылар (4120 м), Учитель (4045 м), Пионер (4031 м) және Амангелді (4000 м) сияқты шоқылар бар.
Соңғы шоқылар — Абай (4010 м) және Школьник (3590 м).
Осыдан кейін жотаның биіктігі күрт кеми бастайды. Артында Талғар (3200 м) тау жотасынан өтіп, Алматының оңтүстігімен аяқтайды.Необходимо упомянуть пик Амангельды, 4000 метр биіктіктегі Амангелді шоқысын атап өту керек. Әр жыл сайын 22 желтоқсанда Қазақстанның ең батыл альпинистері Тұйық су Қақпасының маңындағы қайтыс болған альпинистерге арналып қойылған ескерткішке аталған Амангелді шоқысына шығу үшін жиналады. Бұл шығу Анатолий Букреев – атақты қазақстандық альпинистің атына арналған.Анатолий Букреев әлемдегі ең мықты альпинистердің бірі болды. Ол Памирге, Тянь-Шаньға, Каракорумға, Гималай және Аляска Штатының тауларына уақытқа өрмелеуден көп рекордтардың иесі. Қазақстан тарихындағы бірінші жалпы Альпиниада болып 1995 жылғы Абай (4010 м) шоқысына өрмелеу саналады.Бұл оқиға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 100-ші туылған күніне арналған. Осы шараға елбесымыз да белсенді қатысқан.Ол Қазақстандық ардагер және жас альпинистерімен бірге шоқыға көтерілді. Кіші Алматының шығыс тармағы 7 километрге созылып жатыр.Ең басында шоқының қарлы шыңы Карлытау (4100 м) орналасқан. Қарлытаудан Комсомол асуымен бқлініп жатқан атақты шоқы Нурсултан (4376 м) Алматы қаласынан жақсы көрінеді.
Бұл шоқының алғашқы атауы Кіші Алматы болатын. Оны 1935 жылдың 11 шілдесінде 1-ші комсомолдық олимпиададан кейін Комсомол деп аталса, 1998 жылы қайта өзінің бұрынғы атауын қайтарып алды, кейін оған Нұрсұлтан шоқысы деген атау берілді.Бұл атауды елбасымыздың туылған күніне орай қойды.Нұрсұлтан шоқысының солтүстігінде қатты бұзылған тау жотасы Физкультурник (4068 м) және Чкалов (3892 м) шоқысы орналасқан.
Туюк Су лагері Кіші Алматы шатқалында 2300 метр теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан. Мұнда тау құтқарушылары және гидтерді оқытатын орталық бар.Кез келген адам келіп 2 апталық тауға шығуды ійрететін курсты оқып шыға алады. Іле Алатауы аймағын бітірген дердің көбі үлкен атаққа ие болады және спорттық медальдарды иеденеді. Іле Алатауы аймағы тек қана альпинист мамандарды ғана емес, сонымен бірге таушаңғысы спортының, таудан спорт велосипедімен түсушілердің және сноубордингтің жанкүйерлерін қызықтырады.
Алматы облысының табиғаты — қайталанбас ерекше.Мұнда сіз шөлден бастап мәңгі қар қабаттарына дейінгі зоналарды қіындықсыз өткере аласыз.
Орталық Тянь-Шань
Орталық Азияда орналасқан, негізгі бөлігі Кыргызстанда (батыс бөлігі) және Қытайда (шығыс бөлігі), кішкене бөлігі Қазақстан мен Өзбексан жерінде.Ең негізгі бұл жерде Қазақстанның альпинистік туризмі дамыған. Көтерілудің маршруттары әркелкі:жартасты, қарлы және аралас. Жорықтар жыл бойы өткізіледі, бірақ қолайлы уақыт ол маусым-тамыз болып табылады. Әрбір турист Кеген және Нарынқолда қонып, ұлттық сусынымыз «қымызды» ішіп көріп, қазақи тұрмыспен таныса алады. Хан-Тәңірі шыңы биіктігі жөнінен дүние жүзінде 7 орында,және соған байланысты бүкіл континенттерден келетін туристерің көңілін аудартады. 1931 алғашқы болып украиндік альпинист П. Погребетский бұл шыңды бағындырған болатын. Хан Тәңірі шыңы алыс аймақта Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың шекараласатын аумағында орналасқан. Сондықтан шоқының етегіне туристердің көп бөлігі тікұшақпен жетеді.
|
Қазақстан Респуликасы білім және ғылым Министрлігі