МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………..
1 спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері…………………
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні……………………..
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері……………..
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы…………………
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ……………..
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері…………………3
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы………………….
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі……………………..
3 ҚР спорттық-сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы …………………………
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, ...
... Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Халықаралы ... белсенді емес» дейді. Туристтердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристтік іс-әрекетін қаражат нәтижесімен байланысты, ол халықаралы ... тез арада дайындау. Мұндай ... болады. Халықаралық туризм халықаралық қ ... Халықаралық экономикалық қанастың бір түрі ретінде халықаралы ...
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері……………..
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау……………………
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары……………
ҚОРЫТЫНДЫ…………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………
КІРІСПЕ
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы — оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.
ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады. [1].
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады: «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Реферат туризм аза ша
... Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни, т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи ... қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, ... орналасты. Ұлы отан соғысынан кейiн "Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi ...
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді». [2].
Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипеджәне бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқада түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысынд көлік түрлерін тайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады.Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру, арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.
Зерттеу объектісі: «ЕРМА-ТУР» ЖШС кәсіпорны және Алматы облысының туристік-рекреациялық әлеуеті.
Қазақша Туризм түрлері және қызмет көрсету формалары
... спорттық-туристік қызығушылықтарымен, қауіпсіздік ережесін міндетті түрде сақтаумен байланысты мәселелерге ерекше көңіл белінеді. Қазақтандық тэжірибеде — бұл өзіндік жэне спорттық туризм. ... арнайы турларды сатып алып белсенді де-малатын туристерге қ ... туризмнің көп жэне жаппай тараған түрі; демалыс жэне сауықтыру мақсатында шипажайларға турлар. Сауы ... жэне ойын-сауық бағдарламаларын нақтылайды. Олар ...
Зерттеу пәні: Спорттық-сауықтыру туризмі және оның дамуы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, салыстыру әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 9 кесте, 17 сурет келтірілген.
Диплом жұмысында отандық және шет елдік еңбектер мен бағдарламалар. Туризм саласындағы ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары, баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері, заң актілерінің жиынтығы қолданылды.
1 спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні
Туризм — бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады.
Туризмнің дамуы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады:
- туристік рекреациялық ресурстар;
- өңірдегі инфрақұрылымның дамуы;
- білікті кадрлардың болуы;
- туризмді мемлкеттік деңгейдегі қолдау;
- демографиялық және әлеуметтік факторлар;
- тәуекел факторлары;
- саяси және экономикалық факторлар;
- ғылыми-техникалық үрдістің, салттардың болуы және т.б.
Бүгінгі таңда туризмнің келесі біліктілік түрлері мен формалары қалыптасқан:
1. Қызмет мақсаты бойынша: маршрутты, танымдылық, спорттық, денсаулық түзетуші, оның ішінде белсенді қозғалыс түрімен, іскер және конгресс туризм, курортты, емдеу, тау шаңғылы, фестивальді, аң аулау, экологиялық, шоп туризм, діни, жаттығу және т.б.
2. Жылдамдығы бойынша: қозғалысты, стационарлы, аралас.
3. Қатысу түріне қарай: жеке, топтық, отбасылық.
4. Жас мөлшеріне байланысты: үлкен, жас, балалар, аралас.
5. Мезгілі бойынша: бір күндік, көп күндік, транзитті.
6. Көлік құралын пайдалану бойынша: автомобильді, темір жолды, авиациялық, су, велосипедті, салт және аралас.
7. Маусымы бойынша: белсенді турист маусымы, маусым арасы (жартылай маусымды) және маусымдық емес.
8. Географиясы бойынша: құрлық аралық, халықаралық (өңіраралық), өңірлік, жергілікті және шекара маңы.
9. Қозғалу тәсілі бойынша: жаяу, дәстүрлі көліктерді қолдана отырып, экзотикалық көлік түрлерін қолданып (канат жолы, фуникулер, дирижабль, әуе шары, дельтаплан).
Туризм дегеніміз өзінің бойында табиғи-ғылыми (онымен айналысқанда денені сауықтыруды негізге алатын), ғылыми-әдістемелік (туристік топтарда жетекшілікке алынатын педагогикалық процесс сабағының негізі), ұйымдастыру-басқару (басқару, кадр және материалдық базасы), бағдарламалық нормативті негіздемелерді (туристік жұмыстың бағытын, сипатын және мазмұнын анықтайды) компонент ретінде жинақтаған шаралар жүйесі.
Эссе туризм на казахском
... йымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі ... Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы ӘТҰ- на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл ... қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады. Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының ...
Спорттық-сауықтыру туризмі — дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың мәдениетімен, өмірімен, таррихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.[3].
Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.
Жас мөлшері және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық сауықтыру туризмі үлкен, студенттік (жастар), балалар мен жасөспірімдер, жас аралас, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді.
Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған спорттық туризмнен тұрады.
Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға, секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның Туристік Одағы аясындағы Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды. [4].
Спорттық-сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық, танымдық, оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды біріктіреді.
Спорттық-сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге асырады.
Спорттық-сауықтыру туризмінің материалдық техникалық қорын құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік клубтар болып табылады.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізілуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциалық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан да белсенді туризм түрлерінің аймақ бойынша таралуы
... уақыт келді! Бүгінде Қазақстан бүкіл дерлік туризм түрлерін ұсына алады: спорттық, танымдық, сауықтыру, ұлттық, экологиялық және т.б. 2002 жылы республикада 430 ... ерекше климаттық мүмкіншіліктерге ие. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Тянь ...