ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ — — Электронды жинақ — Әдістемелік қоржын — Ұстаздар сайты

Эссе

Жарияланған материалдың жеке номері: 12944

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Берілген жұмыста біз Қазақстандағы туризмнің рөлі мен орны және қазіргі замандағы дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән – белгілердің бірі- өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады.

Шығармашылық жұмыста сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстан туризмнің дамуына қосатын үлесі, оның мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы қарастырылған.

Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден-бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келе жатыр. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс- сапармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз).

(Эрканнан қанша пайыз диаграмма шығады).

Сонда, 10,3 % ғана демалу мақсатта оның ішінде туған-туыстарына қыдырып келу мақсаты бар. Қарап отырсақ, бұл төмен көрсеткіш. Елімізге келетін туристер көбінесе еліміздің «Алматы, Астана, Көкшетау, Түркістан» осы аймақтарына көп келеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша жылына сыртқа 391 385 турист демалуға кеткен. Оның 203663 Туркия, 53333 Қытайда, 18359 Тайланд, 34344 Арабия демалыстарын өткізіп келген. Осылайша елімізге қарағанда сыртқа демалушылардың саны екі есе көп. Яғни, халқымыз ел ішінде демалуды мүсе тұтпайды. Елімізде демалуға халқымыз неге қаламайды?

1) Баға тиімсіздігі. Яғни Бурабайда демалғыңыз келсе, қалтаңыздан кем дегенде транспортпен жатын орынға 200 мың тг шығады.Шынымен де дәл осы соммаға Түркия немесе Тайландқа бару кез келген үшін тиімдірек.

2) Отандық курорттық демалыс аймақтарына барардағы тас жолының демалу үшін бара жатқан адамды, демалмақ түгілі титықтатып жіберетіндігі

3) Ондағы көрсетілетін қызмет түрлерінің деңгейінің төмендігі

Ал, кәсіпкерлер қызмет көрсетулердің қымбат болуын, мемлекеттен қолдау болмауын және алым салық мөлшерінің жоғары екеніне байланысты деп түсіндіреді. Түсетін табыс аз, сондықтан да инфрақұрылымды жөндеуге де қаржы жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Әне міне, деп жүргенде 2 жылдан кейін өтетін халықаралық көрмеге де бар-жоғы 2 жыл қалды. Ірі көлемдегі туристерді күтіп отырған елімізде, саялап тұрған туризмнің жай күйі 2 жыл ішінде өзгермесе шетелдіктерді мұндай хәлімізбен шошытып алмаймыз ба деген сұрақ туындайды?

11 стр., 5239 слов

Эссе туризм на казахском

... туристік белсенділік жатады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмні ... ары. Олардың ішінде маңыздысы: ... елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Кореяның, Польшаның, Пакистанның, Түркияның азаматтары жиірек келеді. Туристік ... на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм ...

Әлемнің дамыған елдерінен озық түсіп жүздеген мемлекеттің дауыс беруімен жеңіске жеткен еліміздің, алдыңда дүниежүзілік көрмені өз деңгейінде өткізе алама деген үлкен жауапкершілік тұр!

Осынау қазіргі жаһанды шарпыған экономикалық дағдарысқа тұспа – тұс келген дамушы еліміз үшін де жауапкершіліктің жүгі еселене түсуде. Байырғы ата-баба дәстүрінен келе жатқан, қонақ келсе бала- шағасының аузынан жырып бар тәттісін қонағына тосқан халықпыз ғой?! Қазіргі экономикалық жағдайда да мемлекет қаржысын үнемдеп, онсыз да халқымыздың жағдайының жайы болмай жүрген кезде, халықаралық көрме өткізу қарапайым халыққа не беретінін қарастырып көрейік:

1) Жаңа құрылыс кешендерін салуда, көп мөлшерде халық 2 жыл ішінде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

2) Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда

табады;

3) Қала көркейе түседі

4) Ұлттық құндылықтарымыз насихатталынады: біздің тарихымызға,

мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге

аударып, келген туристерге ұсынылады, жан-жақты қосымша

көрмелер ұйымдастырылады.

5) Келген туристтер тек қана Астана қаласында ғана болып қоймай

Қазақстанның түкпір-түкпірін аралауы сөзсіз, сондықтан да, өзге

аймақтардың осы көрме арқылы 3 ай ішінде табысы артады.

Экономиканы мұнай мен газға ғана тәуелді етуге болмайды. Шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады. Ал туризм сарқылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Мәселен жүз мың турист екі сағат ішінде кемі үш жүз елу мың доллар жұмсайды дейді экономистер. Елімізде өткен Азияданың елімізге тигізген пайдасы мол болды. Сол кезде салынған спорттық кешендердің есігі қазір айқара ашық. Соның нәтижесінде демалыс күндері сыртқа ағылатындардың саны аз да болса төмендеді. Күнделікті күйбең тірліктен, қаланың көк түтінінен шаршаған халық үшін қазіргі таңда Шымбұлақ демалысы аймағы демалысын табиғат баурайында өткізуді қалағандар үшін таптырмас орын болып табылады. Және де өзінің аумағы және әл ауқаты жағынан да Шымбұлақ әлемдегі үздік шаңғы кешендерінің ондығына кіреді. Швецария Алпі тауларының етегінде орналасқан ел. Туризм табыс көзі. Жылына мұнда он үш млн-нан астам турист демалатын көрінеді. Мейманханалық іс сол мейрамханаға құрал жабдықтарды шығару өнеркәсібі жоғары дамыған. Мамандардың дерегіне сүйенсек мұнда бір адам осы туризмнен жылына елу бес мың долларға жуық табыс табады. Сарапшылар жаһандық жылыну әлемдегі атақты демалыс орындарына кері әсерін тигізуде дейді. Биыл Францияда бес бірдей тау шаңғы курорты қар тапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Еуропа да қыс қысқа. Ал аспанмен таласқан Алатауға қар мол түседі. Яғни, шаңғы тебу мерзімі Еуропадағыдай қысқа емес жеті айға созылады. Осындай ұтымды табиғат қолайлылығын тиімді пайдалансақ, ел экономикасы мен туризмнің қарқынды дамуына жол ашар еді.

ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем.

13 стр., 6180 слов

Сучасний стан та перспективи розвитку туризму в Україні

... довідники, сервери мережі Інтернет. Розділ 1. Науково-методичні основи розвитку туризму в Україні, .1 Стан і перспективи розвитку туризму в Україні Невідємною частиною світового туристичного процесу є вітчизняна туристична ... України по туризму експертиз проектів законодавчих та інших нормативно-правових актів у цій галузі; розроблення стандартів на послуги, що надаються туристам і екскурсантам; ...

Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын? Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық болып жүзеге асыруымыз керек.

Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, елімізде шетелмен жұмыс істейтін компаниялар , шетелдік әріптестеріне, таныстарына сөз ете жүру керек. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарға, фирмалық бланктерге, визиткаларға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды арқылы жарнаманы тиімді жүргізе аламыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қосса, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар.

Көрмені өткізу үшін Қазақстан ғана таласып отырған жоқ. Демек, оның пайдасы да бар. Ешкім беталды шығындалғысы келмейді. Зәулім ғимараттар тұрғызуға, қаланы безендіруге халықаралық комитет қомақты қаржы құяды. Бірақ, Қазақстан да біраз шығындалатынын айта кеткен жөн. Кеткен шығын өз орнын толтыра ма еліміз халықаралық аренадағы өз мерейін одан әрі үстем қылама әлде, жер қақсап ұятқа қалама барлығы да өз қолымызда!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-

Алматы: Экономика,

2. Ердавлетов С.Р. География туризма:история,теория,практика

А.;2000ж

3. БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі комиссиясының(ЮНЕП) пресс-

релиздері мен құжаттары

4. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017

Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына

18 стр., 8849 слов

Сучасний стан та перспективи розвитку спортивного туризму в Україні

... як «туризм», «спортивний туризм»; Проаналізував види та форми туризму, визначив місце спортивного туризму в загальній класифікації; Дав характеристику основних видів спортивного туризму; Оцінив економічні аспекти занять спортивним туризмом; Проаналізував стан розвитку спортивного туризму в Україні; ...

байланысты Қазақстан халқына Үндеуі

5. «Іскер Қазақстан» («Деловой Казахстан») газетінің 85-ші номері

6. http://zhasorken.kz/?p=4266 сайтынан ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Шаруфия Кашкимбаевна

Маңғыстау облысы, Жаңаозен қаласы, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі Арнайы пән оқытушысы