Қызылорда: кеше, бүгін, ертең. «Менің Қызылордам»

Эссе

Просмотр содержимого документа

«Қызылорда: кеше, бүгін, ертең. Эссе «Менің Қызылордам»»

Қызылорда : кеше, бүгін, ертең.

«Менің Қызылордам!»

Менің атым Тоғжан. Мен он бір жастамын. Мен есімі әлемге танымал Тұрмағамбет ауылында тұрамын. Мен өз ауылымды мақтан етемін. Дегенмен облыс орталығымыз – Қызылорда қаласын да мақтан тұтамын.

Қызылорда қаласына тек сүйіспеншілік көзбен қарасақ, оның сұлулығын, жайлылығын, ерекшелігін көре аламыз. Мысалы, қазір күз. Қазан айының да, күздің де нақ ортасы. Айналамызға қарасақ сондай керемет! Біздің Қызылорданы «ағашы жоқ, көгі аз» деп айтатындар, осы кезде көрер ма еді. Табиғат сондай ғажап! Ағаштарымызды сары, қызылды–жасылды, қызғылт түсті бояулар көмкеріп тастаған. Қаланың саябақтарына кіре қалсаңыз – тіптен сөз жеткізбес сұлулық!

Менің анам Қызылорда педагогикалық институтында оқыған. Студенттік кезеңін осы қалада өткізген. Қалаға қыдырып бара қойсақ, екеуміз қол ұстасып анамның жүрген жерлерін аралаймыз. Әсіресе кешкі Қызылорда сондай әдемі! Жарқырап жанып тұрған көше шамдары, атқылап ағып тұрған субұрқақтар, көздің жауын алатын әсем гүлдер! Керемет! Анам да, мен де ерекше көңіл–күйде боламыз. Ол «қазіргі қала адам танымастай өзгерген. Бұл әсіресе облыс әкіміміздің ерен еңбегі мен зор үлесі» деп отырады.

Мен демалыс уақыттарында және жарыстарға Алматы, Шымкент, Көкшетау қалаларына қыдырып жүрмін. Бұл қалалардың да өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, Қызылорда – маған ыстық. Үнемі қуана қауышамын.

Жақында ғана Қызылордада XIII республикалық «Қазақстанның қала құрылысы форумы» өтті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев : «Ата– бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастыруды парыз санап, Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала салып, ел қондыруды мұрат етіп отырмыз» – деген болатын. Қаламызда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, түрлі құрылыс нысандары салынып жатыр. Яғни, туған өлкеміз дамып, көркейіп келеді. Қазір қаншама отбасы қаламыздың сол жағалауындағы « ақылды қаладан» пәтер алуды армандап жүр. Сірә да бұл көпшіліктің арманы болар!

Кім біледі күндердің күнінде ол да Астана, Алматы, Шымкент сияқты мегаполиске айналатын шығар.

Биыл әсем қала – Қызылордаға 200 жыл! Менің айтулы мерекеге қосар үлесім– саналы тәрбие алып, сапалы білім алуда деп ойлаймын. Келешекте үлкен азамат болғанда, Қызылордама адал қызмет етемін деп үміттенемін. Себебі, Қызылорда қаласының болашағы зор.

Мерекең құтты болсын, Қызылорда!

41 стр., 20186 слов

Анализ и оценка туристского потенциала города Алматы

... и гостеприимным для туристов городом. Объектом исследования данной дипломной работы является особенности составляющих туристского потенциала города Алматы с 2010;2014 гг. периода развития экономики. Предметом исследования является туристский потенциал города Алматы. Методы исследования. В ...

Дүйсенқызы Тоғжан, 6 Ә сынып оқушысы, Қызылорда облысы,, Қармақшы ауданы,, Тұрмағамбет ауылы, «Т.Ізтілеуов атындағы №29, қазақ орта мектебі» КММ

  • Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне.