Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы

Реферат

ІІ — ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.).

Бұл дегеніміз — әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5 млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

  • кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
  • туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
  • сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
  • аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
  • алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
  • халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;
  • қызмет көрсету секторының өсуі;
  • елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды . Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

11 стр., 5239 слов

Эссе туризм на казахском

... болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар: кез-келген елде, Қазақстанда да туристік ... сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді. Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал ...

Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.

Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.

Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің қабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.

Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.

2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26 млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жұлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.

Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен басекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.

Туризмнің дамуын тежейтін факторлар төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 1

Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.

Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар .

Оған ықпал ететіндер:

  • еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;
  • саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;
  • еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;
  • мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;
  • Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы- этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;
  • Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;
  • бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).
    3 стр., 1451 слов

    Реферат туризм аза ша

    ... дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. ... қ нұсқаушылар мектебi орналасты. Ұлы отан соғысынан кейiн "Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы ма ...

Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы ӘТҰ-на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм дамуының улкен концепциясы құрылуы «Ұлы Жібек Жолының» жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің дамуын дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа елдермен байланысы нығайып, бет бейнесі қалыптасады.

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары біздің д.д .үшінші мың жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО–ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени- ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-XII Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру» туралы, «Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы» туралы 1997 жылғы 10 сәуірдегі N3476 және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.

Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ–ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

15 стр., 7376 слов

Географія та особливості розвитку розважального туризму в Бразилії

... з метою освіти. Метою курсової роботи є огляд та особливості розважального туризму. Об'єктом розгляду виступає розважальний туризм на прикладі Бразилії. Предметом в роботі є виявлення специфіки географії ... туризму з метою відпочинку і розваг в Бразилії. 1. Сутність та різновиди розважального туризму ...

Қазахстан Республикасынының Статистика жөніндегі агенттігінің1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристтік ұйым болды, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік нысанында және 14 шетелдік туристтік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристтік фирмалармен шарттық қатынастар орнатқан. 4 алматылық және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді.

Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар 2410.5 млн теңге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсетті.

Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мәліметтерді жинауды көздейді. 1999 жылы 1998 жылымен салыстырғанда елдегі ЖІӨ-нің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1 % — ты құрады.

Туристік ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды, бұл 1998 жылымен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60% — қа көп. 1998 жылы қызмет көрсетілген туристердің жалпы көлемінен шетелге туристерді жіберу 45%-ті құрады, ішкі туризм 30%, шетелдік турист қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.

Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Түркия, БАЭ. Біздің елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Кореяның, Польшаның, Пакистанның Түркияның азаматтары жиірек келеді.

Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бүл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 млн АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматарының шетелге тауарлар сатып алу, оны кейіннен сату мақсатында баратын жол сапарлары бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне бйланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады және, тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мынға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін котеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.

2 стр., 917 слов

Қазақша Туризм индустриясының қазіргі заманғы жағдайы

... анда оның көлік және басқа да қызмет түрлеріне төлеген шығындары, сонымен бірге туризм индустриясының шетелдік ... жүмсайтын қаржылары едэуір үлғаяды. Туристік қызмет тэжірибесінде туристерді өткізуші елдерді (жөнелтуші ... бойынша кеңес (ЭСД¥) айналысады. 1980 жылы ЭСДҰ әлеуметтік индикаторлар тізімін бекітті, оның ... келуші, келу елінде 24 сағаттан аз уақыт болады. Экскурсанттар орналастыруды сатып ...

Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жаынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің құнын өсіреді және тиісінше оны халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді.